1 627 жоба қаржыландырылды
Өңірде пилоттық жоба ретінде бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы бүгінгі күні де өз жалғасын тауып отыр. Есте болса, 2019 жылы облыста аталған жобаның бес бағыты бойынша жалпы алғанда 9,2 миллиард теңге бөлініп, игерілген болатын. Оған облысымыздағы 10 ауданның 11 ауылдық округінен 25 елді мекен таңдап алынған еді. Онда 2478 аула мен 11 жаңа құрылған ауыл шаруашылығы кооперативі жобаға қатысқан.
Ал биыл өңірде 3 177 жобаны қаржыландыру үшін 19 миллиард 673 миллион теңгеге өтінім түскен болатын. Оның ішінде, 12 миллиард 231 миллион теңгеге 2 155 жоба мақұлданды. Қазіргі таңда 9 миллиард 208 миллион теңгеге 1 627 жоба қаржыландырылды.