Бақыт кілті — еңбекте!
«Еңбек — бақыт, еңбек — абырой, еңбек — даңқ, еңбек — адам өмірінің мән — маңызы, мазмұны. Осыған орай, еңбек жеңісіне ұмтылу, бақытқа қол созу әрбір жанның игі арманы, өмірлік мұраты» .
— Төретайұлы Қабылбек
Егерде, есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен — өзің есеп ал !
Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі, өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке , не дүниеге жарамды, күнінде өкінбестей қылықпен өткізіппісің? , — деп дана Абай он бесінші қара сөзінде айтқандай, бақытын еңбектен тапқан, біздің әулетімізге тән тұлғалық құндылық — рухани — адамгершілік пен үлкен жауапкершілік!
«Өмір» атты ұлы көште — адал еңбектің жасампаздығын ұғындырып , рухымды жанып , алға қарай жетелеген асқар тауым Әкешім Әбдірахман мен Асыл анашым Кенепкүл — мен үшін тектілік пен тазалықтың үлгісі болып қала бермек!
«Көп еңбек еткенге, бақыт та басын иеді» деген. 2023 жылдың 11 қазан күні Қаратау қаласының 60 жылдық мерекесі аясында, Қаратау қаласының әкімі Байымбетов Дархан Тобашұлы — Қаратау қаласының өсу динамикасы мен өрлеу жолында : бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде қаланың әлеуметтік — экономикалық жағдайы , қаланың абаттандырылуы, қаланың моноқаланың құрамына еніп, қаланың көркеюі туралы жылдар шеңберіндегі шығармашылық еңбегімді ескеріп, «Қаратау қаласына — 60 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде табыстады.
Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені, ол — адамды ізгілендіреді!