АМАНГЕЛДІ КЕН ОРНЫНА 20 ЖЫЛ
Осыдан 20 жыл бұрын «Амангелді» газ конденсаты кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану үрдісінің тұсаукесері өткізілген болатын. Сөйтіп, 2003 жылдың қазан айында жаңа кен орнын өнеркәсіптік негізде пайдалану жұмысы басталды. Амангелді жобасы еліміздегі газ кеніштерінің ішіндегі бірегей жоба болып табылады.
Аталған кәсіпорынның мерейтойы кең көлемде аталып өтуде. Мерекелік іс-шараға Талас ауданының әкімі арнайы қатысып, сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді.
Мерейтойға арналған салтанатты кеш Амангелді кен орнында және Тараз қаласында ұйымдастырылуда.
«Амангелді» кен орны Талас ауданында біршама жобаларды сәтті жүзеге асырып, қолдау көрсетуде.