«ҚАРАТАУДА ҚОС ҚУАНЫШ!!!»

Талас ауданы Қаратау қаласында «Асарлатып үй салу» дәстүрге айналды.
Еліміздегі игі дәстүрдің бірі – «Асар». Халқымыздың асар дәстүрі барлық өңірлерде қарқынды жүріп келеді. Тіпті, «Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға демеу» болу қазақтың қанында бар қасиет.
Бұл дәстүрдің ерекшелігі сол, адамдар бірлесіп үй салып, басқа да игі мақсатта бір-біріне көмектесу арқылы ынтымақ пен бірлігін жарастырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Талас ауданында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру игі үрдіске айналды. Сондықтан өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
Бұрындары бүтіндей бір ауылда бір үйдің қабырғасы қаланса сол ауылдың азаматтары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып үйдің соғылып бітуіне ат салысатын. Барлығымыз білетіндей көбінесе ауылдық жерлерде асардың мынадай түрлері жүзеге асады.
Мәселен, жабағы қырқып, күзем қырқып, алқаптарда егін егіп оны жинау, шөп шабу сияқты жұмыстарда білек сыбана ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып күш жиыстырып бірігіп атқарған. Тіпті, тұрмысы төмен отбасы мен жалғыз басты қарттарға, ауылдас ағайынға қолдан келген көмектерін аямаған.
Міне осыдан көршінің арасында берік татулық, үзілмейтін сыйластық орнайтыны хақ.
Естеріңізде болса, алдыңғы жылы Қаратау қаласында «Асарлатып үй салу» жобасына 3 көпбалалы отбасы іліккен. Оның ішінде 2 отбасының тұрғын үйіне ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ал 1 отбасыға жаңадан тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, табысталды.
Атап айтсақ Абденбаева Лаура көпбалалы ана, күміс алқа иегерінің үйіне күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйге табиғи газ, ауыз су жүйесі ішке тартылды.
Сонымен қатар, газ пеші, керілмелі төбесі, линолиум жаңартылды. Сырты, іші сыланды. Бір бөлмеге пластикалық терезе орнатылды.
Осы жылы Табылдиева Сайрабубу жалғызбасты, көпбалалы ана, асыраушысынан айырылған. Үйіне күрделі жөңдеу жұмыстары жоспарланған. Тұрғын үйдің іші-сырты сыланды, пластикалық терезе салынды.
Сондай-ақ, Итенова Сандуғаш Кемелбекқызы тұрғындардың көмегімен жаңа тұрғын үй құрылыс жұмыстары жоспарланған. Тұрғын үйге құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп, табысталды.
Осылайша игі іс бүгінгі таңда да жалғасын тауып келеді. Риясыз жасалған жақсылықта он сауап бар. Қаратау қаласында биыл ел жанашырларының арқасында «Асар жобасы» бойынша 3 отбасыға тұрғын үй құрылысына көмек көрсетілуде. Соның ішінде 1 үйге ағымдағы құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 2 отбасыға жаңадан тұрғын үй құрылысы салынды.
Сондай-ақ, қала әкімдігінің демеушілігмен 1 отбасыға газ кіргізіп, жылу жүйелері орнатылып берілді.
Атап айтқанда:
1. Қаратау қаласы А.Байзатов көшесі №20 үй тұрғыны көпбалалы ана Бекбосынова Жанар Сопбековнаның 2 бөлмелі үйі апатты жағдайда тұруына байланысты, аталған мекен-жайға жаңадан тұрғын үй құрылысын салу жоспарланған. Қазіргі таңда фундаменті құйылып, кірпіші қаланып тұрғын үй құрылысы бой көтерді.
2. Көпбалалы, 6 баланың анасы Байтемирова Айда Сейткаримовнаға Рысбек батыр бұрлысы №3 үйіне жаңа тұрғын үй құрылысын салу жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
3. Аз қамтылған Байжарқынова Тәжікүл апамыз мен Байжанов Сламбек атамыздың Б.Қарашаұлы №84 тұрғын үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үй иелеріне табысталды. Қыста жылуы болмағана, қар-жаңбырдан шатырынан су ағып,терезелерінің тозығы жеткен тұрғын үйдің бүгінде ішіне жылу жүйелері орнатылып, шатыр жабыны ауыстырылып, терезелері толығымен жаңартылып бөлмелерге және сырт келбетіне әрлеу жұмыстары жүргізілді.
4. Газ кіргізу бойынша
Қаратау қалалық әкімдігінің демеушілігімен тұрмысы төмен Баймұратова Айжан апамызға Қаратау қаласы Б.Қарашаұлы көшесі №87 үйге газ кіргізу және жылу жүйелері орнатылып берілді.
Өзгеге қол ұшын созу, бастаманы іліп алып, соңына дейін жеткізу үшін асарлату – біздің қанға сіңген қасиет. Әрі ол қоғамды өркениетке бастайтын ниеті оң, жүрегі кең адамдардың жұмысы.
Бірлігі бекем елдің тірлігі де кемел болары анық. Соның айғағы бүгінгі «Асарлатып үй беру» жобасы аясында тағы бір отбасы баспаналы болуы.
Бұл салтымыз адамдарды ынтымақ-бірлікке, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеп, еңбек етуге баулитын қоғамдық және әлеуметтік маңызы зор, пайдасы мол, мәні терең іс екендігі сөзсіз. Аудан бойынша бірнеше жыл қатарынан жүріп, ондаған отбасын үйлі етуге жәрдемі тиген, сәтті іске асып жатқан жоба жемісіне бүгінде ауылдастар мен қонақтар куә болды.
Баспана бақытын сезінген тұрғын: «Көп түкірсе – көл» демекші, бүгін ауыл болып отбасыға тұрғын үй салып бердіңіздер. Ұмыт болған салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, адамдар арасына мейірімділік ұялатқан асарлату дәстүрі жалғасын таба берсін. «Ерім дейтін ел болмаса , елім дейтін ер қайдан болсын» халықтың қолдауынан артық ештеңе жоқ. Жақсылыққа атсалысқан әрбір жанның отбасына амандық, дендеріне саулық, жасаған сауапты істері еселеніп қайтсын дегім келеді. «