АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Өңірдегі этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді-мекендерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жасалған арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 қазанында Қордай ауданының Степной, Қарасу, Ауқатты, Масанчи, Сортөбе ауылдарында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, Аналар кеңесінің мүшелері, ауылдық округтің тұрғындары мен этнос жастары, этномәдени бірлестік жетекшілері арасында этносаралық тұрақтылықты сақтау бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, қатысушылар қатарында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Улана Сламбекова, ІСБ Этносаралық бөлімінің басшысы Талғат Тойшыбаев, облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Алмас Жұмабековте бар.
Ерекше атап өтейік, аталған аймақтардың этнос жастарына, ауыл тұрғындарына аймақтағы этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік туды қолдану заңдылықтарын қатаң ескеру, мемлекеттік рәміздерге аса құрметпен қарау және этносаралық алауыздықты тудыратын жалған ақпарат таратуға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары толыққанды іске асырылды.
Өңірдің этносаралық саяси ахуалын зерделеу, тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған түсіндіру жұмыстары сәтті аяқталды.