Қордайда құс шаруашылығы қарқынды дамуда
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Қордай ауданындағы жұмыс сапары жалғасуда.
Аймақ басшысы Қордай ауылындағы «EKO CHICKEN» АӨК модульді құс фермасының құрылысымен танысты.
Шаруашылық жалпы 21 модульді құс фермасын салған. Оларда 40 мың құс өсірілуде. Ағымдағы жыл соңына дейін қосымша тағы 10 модульді құс фермасы орнатылып, жоба қуаттылығы 1000 тн құс етін өндіруге жетеді деп көзделуде. Бұл аудан тұрғындарын құс етін тұтыну көрсеткішінің 10 пайызын құрайды.
Жалпы 2025 жылға дейін қосымша 100 модульді құс фермасын салу жоспарлануда.
27 шағын құс шаруашылығын біріктірген кооператив мүшелері “Ауыл аманаты” жобасы аясында 2 пайыздық несиемен қаржыландырылған.
Облыс әкімі құс шаруашылығының жұмысын оң бағалап, өнімнің тұтынушыларға жеткізілу барысын сұрады.
Кооператив инфрақұрылымға қатысты мәселесін тездетіп шешу мүмкіндігін қарастыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Келесі кезекте Ербол Қарашөкеев аталған ауылдағы 150 адамға арналған полиция бөлімшесінің құрылысын көрді. Нысан кесте бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.
Сондай-ақ, аймақ басшысы жуырда ғана пайдануға берілген халыққа қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты.
Ербол Қарашөкеев халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрғындарға мінсіз қызмет көрсетуге барынша назар аудару керектігін баса айтты.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі