Туған жерге құрмет – перзенттік парыз
Туған жерге деген құрмет сезімі — әрбір адамның қанында бар қасиет екендігі даусыз. Ол кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріне, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
Жалпы, ауылға деген сүйіспеншілік, сағыныш пен мақтаныш өз өлкеңнің тарихын білуден бастап, өркендеуіне ат салысу, қажетінше қол ұшын беру.
Әркім туған жеріне құрметін өз мүмкіндігіне қарай білдіріп жатады. Әрине, мұны міндетті деп айтуға болмайды. Өйткені, ол әр адамның жүрек нұрына байланысты. Біреу ауылдан кеткен соң, оны қайтып көрмей жүре береді. Ал кейбірі сырттай хабарын біліп отырады. Ал, қазіргі кезде сыртта жүрсе де ауылының ішкі тірлігіне араласып, өсіп-өркенденуіне ат салысып жүрген азаматтар баршылық.
Солардың бірі – жерлесіміз, Ақмола облысы, «Зеренді» демалыс аймағының директоры Бауыржан Қонысбекұлы.
Туған жердің көркеюіне үлес қосуды перзенттік парызы санаған Бауыржан ауданға жиі келіп демеушілік танытып тұрады. 2022 жылы Әбділдә ауылында «Асарлату» жобасы аясында үй соғуға көмектессе, бұл жолы туған жерге тағы ат басын бұрып, 2500 түп қарағай (сосно) көшеттерін әкеліп, сыйға тартты. Аудан көлемінде өтіп жатқан күзгі абаттандыру айлығы кезіне тұспа-тұс келіп, «Еңбек Ерлері» аллеясына тал көшеттерін отырғызуға аудан әкімі Сәкен Мамытов және аудан азаматтарымен бірге қатысты.
Сонымен қатар, Бауыржан Қонысбекұлы ауданымыздың 14 қариясын «Зеренді» демалыс аймағында демалып қайтуына мүмкіндік жасайтындығын айтып, 14 жолдама табыс етті.
Өз кезегінде аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы «Туған жерге туыңды тік» ұстанымын ұстап, ауданға жасап жатқан игілікті ісі үшін жерлесімізге ризашылығын білдірді.