ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

🔰Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил №10 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.
🔹Әуелі округтің бас инспекторы Ескер Бұралхиев  сөз алып, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
– Бүгінде округте қолға алынған ілкімді істер аз емес. Әсіресе, жол жөндеу жұмыстарына ерекше басымдылық берілуде. Айталық, Сыздықов көшесі 3-бұрылысы, Чкалов көшесінің соңы мен «Орман» алқабының көшелеріне асфальт төселсе, Солнечный кентінің көшелері, Целиноград көшесінің бұрылыстарына жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 1, 2 «Шалғай Қарасу» алқабының барлық көшелерінің  бұрылыстарына шағал  төселуде.  Оның ішінде Бахтияр Баба, Сейлхан Әбдиев, Қайым Мұхамедханов, Хан шатыр, Темірқазық, Жалын, Алтын Орда көшелеріндегі бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.