Оқу жүйесіне енгізілген реформаны қайта қарау керек

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандық балаларды білім жағынан қатты қыстамай, оқу жүйесіндегі реформаларды қайта қарауды тапсырды деп хабарлайды liter.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандық балаларды білім жағынан қатты қыстамай, оқу жүйесіндегі реформаларды қайта қарауды тапсырды.

«Біз кішкентай балаларға тым ауыр жүк артамыз, мұндай білім жүйесі ешбір елде жоқ. Кейде біз американдықтар Әзірбайжан мен Тәжікстанды ажырата алмайды деп сынайтын едік, ол расымен де солай, мұндай нәрселерді америкалықтар өсе келе үйренеді. Олар өмір сүруді, өз білімін қалай пайдалануды, өмірде аяққа тұрып кетуді үйренеді. Ал біз оны өте ерте бастан үйретеміз, байғұс кішкентай балаларымыз таңнан кешке дейін күннің жарығын көрмейді», — деп мәлімдеді Елбасы сейсенбі күні болған ХХІV Қазақстан халық Ассамблеясында. Елбасының ойынша, оқу жүйесі реформасының айналасындағы дау-дамай ақпараттың жеткіліксіз болғкандығынан және шешімді дұрыс қабылдамағандықтан пайда болды. «Оқу жүйесіндегі жаңа реформаны халықтың ойымен санаспай, пікірін тыңдамай қабылдай салды. Мұндай өзгерістер оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін қажет. Барлық тараптың пікірі қаралуы тиіс. Ойланбай жасалған тәжірибелер қажет емес, бізді ешкім қуып бара жатқан жоқ», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, бес күндік оқу жүйесін енгізгеннен соң мамандарды қысқартудың қажеті жоқ, барлығын оқу жоспарына ыңғайлап жасалуы керек екендігін қоса кетті.