Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі

Сіз қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.

Көрсетілетін қызметті онлайн қалай алуға болады:

  1. Үшінші тұлғаға* порталда авторизациялану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту қажет.
  2. Электрондық анықтамаға*** тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның (пайдаланушының**) ЖСН енгізу және «пайдаланушыны тіркеудің бар болуын тексеру» батырмасына басу керек.
  3. Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-мен (электрондық-цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою керек.

Егер Пайдаланушы порталда және АМБ-да тіркелсе, Пайдаланушыға сұрау салуды келісу (бас тарту) үшін жеке кабинетке хабарлама, сондай-ақ үшінші тұлғаның оған электрондық анықтаманы алғанын растау сұрауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 sms-хабарлама жіберіледі.

Пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде сұрау салуды келісу (бас тарту) керек. 2 сағат өткеннен кейін Пайдаланушының жауабы саналмайды.

  1. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.

Егер пайдаланушы үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алуын растаса, пайдаланушының атына алынған үшінші тұлға сұраған  анықтама пайдаланушының жеке кабинетінде («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде), егер пайдаланушы сұрау-салудан бас тартса, пайдаланушының жеке кабинетінде («Кіріс» бөлімінде) үшінші тұлға тиісті ақпараттық хабарламамен хабарланады.

 * Үшінші тұлға ретінде  жеке және заңды тұлға бола алады.

* Пайдаланушы ретінде тек қана жеке тұлға бола алады.

* Анықтамалар мен мәліметтер тізімі:

 

 

Сарысу аудандық
ХҚК бөлім басшысы
К.Аманкулов