ҚАЗАҚТЫҢ БИ ӨНЕРІ ҮНДІСТАНДЫҚТАРДЫ ТӘНТІ ЕТТІ

~”Үндістан — Қазақстан мәдени алмасу” бағдарламасының ережелеріне сәйкес Нью-Дели қаласында қазақстандық және басқа елдерден келген топтардың қатысуымен Халықаралық Би және Музыка фестивальі басталды.
Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ықпалымен шақырту алып, аталған өнер фестивалінде балетмейстер Айжан Қонарбаеваның жетекшілігіндегі республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты «Ақкербез» би ансамблі және әншілер Динара Маханова, Альбина Ерубаева өнер көрсетуде.