ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 30 МӘДЕНИЕТ НЫСАНЫ КҮРДЕЛІ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Бұл туралы мәдениет, архивьер және құжаттама басқармасының басшысы Тұрар Рысқұлов ауданының мәдениет күнінде айтты.
Басқарма басшысы өз сөзінде: “ Тұрар Рысқұлов ауданында соңғы 3 жылда 14 мәдениет нысаны халықтың игілігіне пайдалануға берілді.
Биылғы жылы 14 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл аяғына дейін 9 мәдениет нысанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар,30 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өтеді” — деді.