ЖАСТАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

 Ескі-Шу ауылдық округінде орналасқан «Ақ жайлау» демалыс орнында Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салт-дәстүрім- сарқылмайтын байлығым» атты облыс жастары арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Аталған шара Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына арналып отыр.
🔰Сарысу, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандары мен Шу қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысқан жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ өңірлік ішкі саясат бөлімінің басшысы Балаби Түменбаев, аналар алқасы қоғамдық құрылымының төрайымы Айжан Иманова, Мәдениет саласының үздігі Нұрболат Іңкәрбековтер шараның қонағы ретінде қатысып, бес кезеңнен құралған сайысқа қазылық етті.
🔸Ең алдымен білекті жігіттер аударыспақтан өзара мықтыны анықтап алса, кейін қол күресі сынынан бәсекеге түсті. Қол күресінен қыздарда осалдық танытпағанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ олар бастарына ақ жаулық тағып қамыр илеп, бауырсақ пісіруден жарысып жатты. Мұнан кейін жігіттер жағы арқан тартып, шара соңында халық әндерін орындады.