Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Бүгін, Тараз қаласы «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-нің санитарлық-қорғау аймағының аумағында ағаш отырғызу бойынша «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акция өтті.
🌳2023 жылы Тараз қаласы мен аудандардың елді мекендерінде 205 мың дана ағаш отырғызу көзделген болса, бүгінге 150 мыңнан аса ағаш отырғызылды, қалған ағаш көшеттерін жыл қорытындысымен орындалу көзделуде.
Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру.
🔹️Акцияға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы басқармалардың, департаменттің және инспекцияның қызметкерлері қатысты. Аталған шара өскелең ұрпақты тазалыққа, тәртіпке үйретеді. Акцияға жастар қауымы да тартылды. «Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамасын»,- дейді экологиялық акцияға қатысушылар.
🚰Әрі қарай суару және көшеттерді күту жұмыстары «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-нің қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылады.Аталмыш акция облыстың барлық аудандарында өз жалғасын табуда.