ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ — ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Өткен жылы ғана еліміздің мерекелік күнтізбесі тағы бір атаулы күнмен толыққан болатын. Дәлірек айтқанда, 24 қазан — Кітапханашылар күні болып бекітілді.
🔸Бұл өмірін осы салаға арнаған ардақты мамандық иелеріне, олардың қажырлы еңбектеріне жасалған құрмет деп білемін. Сол себепті де аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков бүгін ауданымыздағы кітапханашылармен арнайы кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.
🔸Құрметті кітапханашылар!
Ел игілігі жолындағы жұмыстарыңыз жемісті болсын! Руханиятқа қосқан қомақты үлестеріңізге алғыс айта отырып, тағы да кәсіби мерекелеріңіз — Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!