25 ҚАЗАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ.

25 қазан Қазақстан Республикасы ұлттық мерекесіне арналған «Қазақстан – менің елім!» салтанатты, мерекелік жиын мәдени демалыс орталығында өткізілді. Салтанатты түрде сахнаға мемлекеттік Ту шығарылып, әнұран орындалды. Жуалы ауданының құрметті азаматы мен құрметті ардагері атағы бірнеше азаматтарға табысталды.
Мерекелік концерттік бағдарламада «Шашу», қазақтың патриоттық әндерінен поппури, «Алтын бесік», «Гулістан Қазақстан», «Атамекен» әндері шырқалып «Шашу –белес» би биленіп «Балбырауын» күйі орындалды.