РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мұқашев ұжымды Ұлттық мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.