Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Спикер Департаменттің атқаратын фунционалдық міндеттері мен жұмыс бағыттарын түсіндірді.
Атап айтқанда, Департамент тарапынан мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, цифрландыру, осы саланы реттейтін заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар және жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстары сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласының оң имиджін көтеруге бағытталған өзге де іс-шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ, жиында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін негізсіз жиі қайта жолдау бойынша мемлекеттік органдар тарапынан жіберіліп отырған кемшіліктерге жол бермеу және олардың алдын алу жолдарын қарастыру мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын және мемлекеттік қызметтегі шектеулерді түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама шегінде жауаптар берді.