ОБЛЫС ӘКІМІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

🔰Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселесі бойынша кеңес өтті.
📍Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткен болатын. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керекпіз.
❗️Аймақ басшысы өз сөзінде осыған айрықша назар аудартып, мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу бағытында түрлі жобалық тәсілдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша Жамбыл өңірінің жемқорлық көрсеткіші жақсы еместігіне көңіл бөліп, алдын алу, тәуекелдерін жою жұмыстарын күшейту керектігін баса айтты.