🔰 Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда

2023 жылдың 17 қазанында Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызының төрағалығымен аудан әкімдігі жаныңдағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері және аудандағы 30 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шақырылды.
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша: Жуалы аудандық прокуратурасы және Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы ағымдағы жылдың 26 қыркүйекпен 6 қазан аралығында аудан мектептерінің 8-11 сыныптар арасында «Жасөспірімдер өміріндегі буллинг, кибербуллинг пен қорқыту», «Мектептегі буллинг» туралы алынған сауалнаманың қорытындысы қаралып, бала тәрбиесімен айналысатын тұлғаларға профилактикалық шараларды жүргізуді, ағарту, түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы тапсырмалар берілді.
Атқарылған жұмыс бойынша тиісті басшылардың есебін тыңдау келесі күн тәртібіне қойылды.
Аталған сұрақ бақылауда.
Сондай ақ, тиісті бөлім басшыларының сабақтан жүйелі түрде қалатын және құқық бұзушылыққа бейім балалармен жүргізілген профилактикалық жұмыстары,
Бала денсаулығын қорғау құқығын іске асыру ретінде мектеп оқушылары арасында сырқаттанушылықтың алдын алу туралы атқарылған жұмыстары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.