ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ «АВТОКӨЛІККЕ VIP НӨМІРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ»СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

🔰Жоғары сұраныстың мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі.Аталған сервис арқылы жеке тұлғалар ақылы түрде жоғары сұранысқа ие, әдемі мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алуға тапсырыс бере алады.
📌Қызмет көрсету мерзімі:
Астана және Алматы қалаларында — 5 жұмыс күні ішінде
Облыстар мен Шымкент қаласы -15 жұмыс күні ішінде
Қызмет көрсету нәтижесі болып жоғары сұраныстың мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру туралы хабарлама болып табылады.
📍Ағымдағы жылдың 9 айында мамандандырылған бөлімдер және секторлар арқылы барлығы 148 360 160 теңгеге 504 жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі рәсімделген болатын.

 

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі