Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй кезегі, қаладағы қураған талдарды кесу , абаттандыру мен балалардың ойын алаңын салу, мемлекеттік сатып алуға(тендер) қатысу және өрт сөндіруге қатысты мәселе қозғады.

Қала басшысы тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге зерделеу жұмыстары жүргізілетінін, заң аясында шешімін қабылданатынын айтты.

Айта кетейік, бүгін қабылдауға барлығы 10 адам келді.

Тараз қаласының әкімдігі