ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде 2023 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және аудандық полиция бөлімінің 9 айда атқарған жұмыстарының барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Аудан активі қатысқан жиында аудан басшысы индикаторлық көрсеткіштер мен жоспарланған жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларынан жауап алып, бекітілген жоспар түбегейлі орындалуы керектігін атап өтті.