«РУХАНИ ҚАЗЫНА -2023»

”Достық үйінде” мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2023» фестивальінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.
▫️Фестивалдің облыстық іріктеу кезеңіне 70-ке жуық үміткердің өтінімі сараланып, кітапхана, музей, мәдени-демалыс ұйымдары арасынан 17 номинация бойынша 39 қатысушы бақтарын сынады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай облыстық іріктеу кезеңінде алғаш болып сөз алып, фестивальге қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Бүгінгі маңызды шара барысында облыс көлеміндегі кітапхана, музей, мәдени-демалыс ұйымдары арасынан талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен қызметкерлер анықталып, республикалық фестивальге жолдама алатын болады.
2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан фестивальде 5 жыл бойы біздің өңір түрлі салалар бойынша жеңімпаз атанып, жүлдемен оралды. Осы дәстүр жалғасын таба береді деген сенімдемін», — деді Ерлан Нұрманұлы.
🔹Төрт сағаттан аса уақытқа созылған облыстық іріктеу кезеңінде Қордай, Шу, Талас, Меркі т.б. облыс аудандарындағы музей, кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлері креативті жобалары мен арнайы жұмыстарын байқау ережесіне сай қорғады.
~ Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысына сәйкес, 14 номинация бойынша үздік деп танылғандар 27 қараша-1 желтоқсан күндері Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.