Ақтауда «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жалпы білім беретін  мектеп педагогтерінің облыстық форумы өтті

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Маңғыстау облысының білім басқармасы, Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы өткізілді.

 

Маңғыстау облысы жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған форумға 160 жас маман қатысты. Форум аясында жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісу үшін ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі  кеңес мүшесі. Маңғыстау облысы мәслихаты депутаты Аят Сүгірбай,  Маңғыстау облысы спорт басқармасы басшысының орынбасары, дзюдодан  халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Имашев, «Kettik Mangystau» компаниясының негізін салушы Қуаныш Нуркебаев шақырылды.

 

 

Қатысушылар тақырыптық алаңдарда бас қосып, «Педагогтің қызметіндегі зерттеу», «Инклюзивті оқыту: жанама тәжірибеден өз іс-әрекетіне дейін», «Пәндік кәсіби құзіреттілікті дамыту» сынды өзекті мәселелерді қозғаған сабақтарда бас қосты.

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы Ұштаған ауылы Асқар Өтепбергенов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі  Бексұлтан Нұрмұханов форум жайлы пікірімен бөлісті.

«Форумның барысында қызықты тәжірибелермен алмастық. Инклюзивті оқыту бойынша түрлі әдіс тәсілдерді қолдандық, үйренгенімізде алда ауылдағы әріптестеріммен бөлісуге асықпын», — дейді Бексұлтан Нұрмұханов.

 

Сондай-ақ, шараға Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай келіп жас ұстаздар облыстың дамуына үлес қосалатын бірде-бір қоғам екендігін айтты. Шарада тамыз айында өткен республикалық «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумының қатысушылары да, өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында осындай жиындар жиі өткізілсе деймін. Өйткені бұндай орта біліммен, тәжірибемен алмасуға өте жақсы алаң. Жас ұстаздарға бұл үлкен қолдау, әрі білімдерін толықтыруға үлкен мүмкіндік», — деді Жаңаөзен қаласы Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Жадыра Абдремова.

Бұл жоба мұғалімдердің кәсіби тұрғыда табысты болуына бағдар жасап, оларды үнемі оқуға және дамуға ынталандырады.

 

 

Кәмшат Айбергенқызы,

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

02.11.2023ж.                             Ақтау қаласы