Ақтауда 2025 жылға дейін 13 000 орындық 10 мектеп салу жоспарланып отыр
Ақтауда 18, 19А шағын аудандарда әрқайсысы 1200 орындық 2 мектептің құрылысын 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтап, қолданысқа беру жоспарланып отыр. Сонымен қоса, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8 мектеп салынады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен тұрғындармен есептік кездесуінде Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласы бойынша 10 600 орындық 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 6-ы 2024 жылы пайдалануға берілсе, қалған 2-нің құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
«2023-2025 жылдарға арналған «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын 6 мектептің құрылысы осы жылы басталды. Олар мына мекен-жайларда орналасқан: 33 ш/а (1200 орын) және Рауан елді мекеніндегі (300 орын), 16 (1500 орын) және 17 (900 орын) ш/аудандардағы, 20 ш/а (1500 орын), 19 ш/а (1200 орын) мектептер. Ал құрылысы 2025 жылы аяқталатын екі мектеп 38 шағын ауданда (1500 орынды) және 39 ш/а(2500 орын) орналасады. Аталған мектептер құрылысының тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ», — деді қала әкімі.
Кәмшат Избасарова,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
02.11.2023 ж Ақтау қаласы