БӘСІ БИІК БӘЙГЕ ЖАРЫСЫ
Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай бүгін облысымыздың “ӘУЛИЕА-АТА ЖҮЙРІГІ” атты бәйге түрлерінен ауқымды турнир өтті. Шу қаласындағы атшабарда өткен бәйгеге облысымыздың алыс-жақын аудандарынан атбегілер қатысып, баптаған аттарының бабын сынап көрді.
15 шақырымдық “Құнан” бәйгеде 25 сәйгүлік шабысқа жіберілсе, 31 шақырымдық “Аламан” бәйгеде 48 тұлпар бақ сынасты. Нәтижесінде, “Құнан” бәйгенің бас жүлдесін мойынқұмдық атбегі иеленсе, “Аламан” бәйгеде қордайлықтардың мерейі үстем болды. Сонымен бірге, екі бәйгені қатар алғанда атбегілерге 12 орын тағайындалып, әрқайсысына қомақты қаржылай сыйлықтар табыс етілді.