Ауылдарда ауыз су мәселесі шешілген

Мойынқұм ауданы бойынша 24 елді мекен бар. Қазіргі таңда 19 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 7 елді мекен тәулігіне тәулік бойы ауыз сумен қамтылған. Атап айтқанда, Ұланбел, Назарбеков, Қарабөгет, Сарыөзек, Айдарлы, Көкжелек, Мыңарал ауылдарында бұл сала бойынша мәселе жоқ. Мұнан бөлек, Мойынқұм, Қылышбай, Құмөзек, Жамбыл, Күшаман, Бірлік, Биназар, Хантау, Қияқты, Мирный, Бурылбайтал, Мыңарал стансасы секілді ауылдарда ауыз су мәселесі шешілген. Ал, 12 елді мекенде тәулігіне 4-12 сағат аралығында ауыз су беріліп тұр. Әрине, бұл да жаман көрсеткіш емес.

2023-2025 жылдардағы «Amanat» партиясының сайлауалды платформасында және салалық басқармамен бекітілген «Даму жол картасы» жоспарына сәйкес ауыз су жүйесімен орталықтандырылмаған 5 елді мекендегі 3123 халықты орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жыл бойында келесідей жұмыстар атқарылуда.

Көкжелек ауылында 853 тұрғын бар. Жалпы, іргелес елді мекендегі тұрғындарды қосқанда 1880 адам орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Бұл жобаға бөлінген қаражат 426,7 миллион теңге. Қазіргі таңға 2023 жылға құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Ауыз су берілгеніне ауыл тұрғындары да риза.

–Ақсүйек ауылында 1027 адам тұрады. Ақсүйек ауылын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» нысанының жоба құны 1 461,273 миллион теңге. 2022 жылдың бюджетінен 186,8 миллион теңге қарастырылыпты. Мердігер «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалған. Биылға 1 155, 850 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ақбақай ауылына ауыз су құрылысын жүргізуге 1 миллиард 594 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынып, тиісті басқармаға сұраныс беріліпті. Ақбақайлықтардың да қуанатын күні алыс емес.

Мыңарал ауылдық округіндегі Қашқантеңіз ауылына су құбырын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге жергілікті бюджеттен 21 миллион теңге қаралған. Мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, «Диас» ЖШС жоба әзірлеуші болып анықталып келісімшарт жасалынды. Қазіргі таңда сараптамадан өтіп жатыр екен.

Бурылбайт ал ауылына суды тазартудың кешенді блок модульдерін орнату үшін оған дейін су құбырын тарту және Балқаш көлінен жасанды бөгет салу бойынша мердігер болып «Апогей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталды. Келісімшарт жасалыпты. Жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде.

«Хантау ауылын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» нысаны бойынша 2023 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 533,5 миллион теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «СпецКоммуСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталған. 485 миллион теңгеге келісімшарт жасалған.

Ағымдағы жылы 300 миллион теңге игеріледі деп күтілуде. 185 миллион теңге келесі жылға өтпелі. Қазіргі таңда су ұңғымаларын, сыртқы траншейлерін қазу және ғимаратының бастапқы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс материалдары сатылып алынып қойды. «Мойынқұм-Қылышбай ауылдарын сумен жабдықтау және су тарату жұмыстарын қайта жаңғырту» нысанына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге АБ-13 миллион теңге қарастырылып, конкурс жеңімпазы «ШЫМГОРПРОЕКТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалыпты. Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп және сараптамадан өткізу жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталып, 2024 жылдың республикалық, облыстық бюджеттердің 1 нақтылауына ұсынылатын болады.

Осы орайда, Мойынқұм ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Ғани Тілешовті сөзге тартқан едік.

– Жоғарыда айтылғандай, бірқатар игі жұмыстар басталып, жүзеге асып келеді. «Бірлік ауылындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғырту» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеуші «АлмазПро екСт рой» ЖШС, жобаға Сәулет бюродан келісімі алынып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобалық- сметалық құны 560 208,4 мың теңгені құрайды. 2024 жылғы республикалық және облыстық бюджеттерге өтінім өткізілді.

«Биназар ауылының су құбырын қайта жаңғырту» нысанына жобалық- сметалық құжаттарын әзірлеуге АБ 18,5 миллион теңге қаржы қарастырылып, конкурс жеңімпазы «Диас» ЖШС- мен келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта ауыз су құбыры бойынша топографиялық, геологиялық түсірілім мен жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Мыңарал ауылы және Мыңарал стансасы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су қабылдау имараттарына қуаттылығы сағатына 15м3 мембраналық қондырғы және тазарту кешенін орнатуға, Шығанақ, Бурылбайтал стансасы Мирный, Қияқты ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су қабылдау имараттарына мембраналық қондырғыны ауыстыруға және тазарту кешенін орнатуға «Мойынқұм су-жылу» мекемесімен келісімшарт жасалды. Тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта да игі жұмыстар жалғасын табады, – дейді бөлім басшысы.

Есет ДОСАЛЫ

Мойынқұм ауданы