Әйтеке бидің ұрпаққа қалдырған өсиеттері:
1.-Өмірдің басы бар, соңы бар. Басы үміт, соңы өкініш.
2.Ақылды тақта отырған патшадан сұрама, тақтан түскеннен сұра.
3.Бата-құранның айнасы.
4.Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын. Ботаның құны бір жұт, батаның құны мәңгі құт.
5.Адамға ең жақыны туыс. Туысыңмен кетіссең басың азаяр, құрмет тұтсаң, сыйлассаң қасың азаяр.
6.Ағайынмен той тойлас, саудаласпа, жауыңмен саудалас, той тойласпа
7.Ақылдының ажары жарқыраған көлмен тең. Ақылсыздың ажары бұлт пен буға тең
8.Ақылсызға айтқан сөз құмға сіңген сумен тең. Ақылдыға айтқан сөз Алаш ұстар тумен тең.
9.Сұлу сұқтануға жақсы, ақыл жұптануға жақсы.
10.Тұман түбі жұт, ақыл түбі құт
11.Ақыл-тамыр. Мінез-жапырақ.
12.Жақсы адамның серігі-ақыл, қайрат, әдеп, төзім, сабыр, үміт, татулық, бірлік
13.Жалған сөз-дерт, ақиқат-ем, сезім-бұлақ, қиял-шырын, тіл-жүрегіңнің айнасы
14.Алысар болсаң шыныңды айт, қауышар болсаң сырыңды айт.
15.Сырын білмей, сыр айтпа, күндердің күнінде не деспесіңді біліпсің.
16.Қайраулы пышағыңды мұқатпа, күндердің күнінде не кеспесіңді біліпсің
17.Көп ойланып, аз сөйле, жаңылмайсың
18.Сақалдының бәрі сәуегей емес, ақыл айтқанның бәрі данагөй емес.
19.Шеге тағаны, таға тұлпарды, тұлпар ерді, ер елін сақтайды. Батыр жау барда, би дау барда сыйлы.
20.Қайырсыздан хан қойсаң-қайырлы болмайды, үлгісізден би қойсаң-өсиеті болмайды.
21.Үйде атаңның, түзде отанның намысын қорға.
22.Атаң қазақ атты тісінен, ерді ісінен таниды.
23.Жолдасын таппаған адам азады. Басшысын таппаған ел азады.
24.Қара жерден нәр ал.
25.Ұзақ жол-қилы асу, қиын соқпақ кімнің кім екенін танытады.
26.Орынсыз серт дертке, орынды серт мырзалыққа, көкке жеткізеді.
27.Қолың сынса қайта бітер, сағың сынса қайтып бітер?
28.Жүрекке түскен дықта бір, жаңғаққа түскен құрт та бір.
29.Күйе киімді жейді, күйік жаныңды жейді
30.Түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы.
31.Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.
32.Қуаныш келсе таспа, қасырет келсе саспа.