Облыстық турнир
Қаражал қаласында қазыналы Қаражал қаласының 60 жылдығы мен Ұлттық мереке – Республика күніне орай балалар арасында бокстан ашық облыстық турнир өтті
Былғары қолғаптың балғын шеберлерінің арасындағы бәсекеге 2010-2011 және 2012-2013 жылдары туған балалар қатысты. Үш күн бойы өткен турнирге Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды, Қаражал қалалары мен Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының, Жәйрем кентінің командалары өзара бақ сынасты. 150-ге жуық балғын спортшы қатысқан бәсекеде бабы мен бағы келіскен шеберлер жеңіс тұғырына көтерілді.
Ізбасар Ойбас.