Аудандағы каналдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады
Аудан бойынша 16 су жеткізу каналы бар. Каналдар толық аудындық коммуналдық меншікке алынған. Каналдардың жалпы ұзындығы 109 км құрайды.
Бүгінгі таңда, Бүркітті каналына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер «Байтұр 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жұмыстар желтоқсан айына дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Жаңа Кәрітоған және Сарыөзек каналдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, облыстық экономика басқармасына бюджеттік өтінім жолданған.
Бұдан бөлек, 10 каналға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық-сметалық құжаттарын жасалуда. Құжаттар жыл соңына дейін дайындалады деп күтілуде. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленгеннен кейін, 10 каналды жөндеу үшін бюджеттік өтінім берілетін болады. Каналдар толық жөндеуден өткен соң суармалы егістік алқапты толық игеруге мүмкіндік туады.