Аудандардың инвестициялық карталары құрылады

Жамбыл облысы әкімінің бастамасымен аудан әкімдерінің орынбасарлары «Облыстың инвестицияларын сүйемелдеу бойынша» оқытудан өтті.

Оқу бағдарламасы барысында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес-жоспар құру, тауашалық жобаны анықтау, Жамбыл облысының әлеуеті, аудандардың инвестициялық картасын әзірлеу, KPI және аудандардың рейтингісі бағыттары қамтылды.

Оқыту нәтижесінде облыстың 10 ауданының инвестициялық карталарын құру әсері күтілуде және өз кезегінде болашақта инвесторлар тарту ісінде оң әсерін береді деп күтілуде.

 

Жамбыл облысы әкімдігі