Көрме: «Сәкенге арналған төсбелгілер»

1936 жылы С.Сейфуллиннің қазақ әдебиетіндегі еңбегінің жиырма жылдығын бүкіл Қазақстан жұртшылығы болып тойлады. Қазақ совет әдебиетін өркендетудегі Сәкеннің зор еңбегін партия мен үкімет айрықша бағалап, осы жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтады.
С.Сейфуллиннің 70 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгі бір-біріне жабыстырылған кітап мұқабалары түрінде жасалған. С.Сейфуллиннің профилі барельефпен бейнеленген жоғарғы қара тақтада 1894-1964 жж. деген жазу бар. Төменгі тақтайша ақ эмальмен жабылған. Сериялық өндіріс белгішесі бар. Алматыда пластикалық бұйымдар шығаратын зауытта шығарылды.
1994 жылы С.Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі медаль түрінде шығарылды. Төсбелгі түйреуішпен бекітіледі.
2004 жылы С.Сейфуллиннің 110 жылдық мерейтойына арнап шығарылған бірінші дәрежелі мерекелік медалі. Көп бұрышты жұлдызға ұқсас, жезден жасалған.
Дарынды жазушының өмірін толығырақ білгілеріңіз келсе мұражайдың қонағы болуға шақырамыз!