Жамбыл облысында тоқыма кластерін дамыту жоспарлануда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жамбыл облысының шетелдік компаниялармен сауда-экономикалық әріптестікті, тығыз өңіраралық өзара байланысты нығайтуға баса назар аударылды.

Аймақ басшысы Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының басшысы Ерік Өтембаевпен поляк компанияларымен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты, нақтырақ айтқанда тау-кен және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, логистика салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіміз бен жоспарларды талқылады.

Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығы техникаларын шығару, қоқыс өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша жобаларды іске асыру үшін жан-жақты мүмкіндіктерге көңіл бөлді.

— Креативті индустрияны дамытуда өңірімізде тігін, тоқыма кластерін құруға ерекше назар аудару маңызды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны одан әрі дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын.
Бұл экономика өсімінің жаңа көздерін құруға, инвестициялық және туристік ағымдарды тартуға мүмкіндік береді.

Біз жоғары бизнес-әлеуетке ие болашағы бар шығармашылық бастамаларды қолдауға дайынбыз,-деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі кездесуде талқыланған жобаларды жан-жақты зерделеу, шетелдік компаниялармен тығыз

 

Жамбыл облысы әкімдігі