Ағын су мәселесі реттеледі
Қазіргі таңда аталған құрылыс жұмыстарын ирандық «ЗАО Туннель садд Ариана» компаниясы жүргізуде. Осыған орай, жұмыстың аяқ алысы мен алдағы жоспарын саралау мақсатында компания басшылығымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқыладық.
Бүгінде жөнделуі тиіс 15 каналдың 9-ы аяқталып отыр. Тиісінше, құрылысы аяқталған бірқатар каналдарға келесі жылдың егіс науқанында ағын су жіберілетін болады. Сонымен қатар, құрылысы аяқталмаған каналдарға қосымша қаржы бөлу мәселесі де талқыланды. Ол үшін жауапты министрлік өкілдерімен тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі