ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНДАРЫ МЕН ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

❗️Облысқа келген халық қаһармандары мен Қазақстан Еңбек ерлері Жамбыл ауданына барды.
Қонақтар бірінші ауданға қарасты Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығында болды. Орталықта мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 86 үйірме жұмыс істейді. Қазіргі таңда 700 бала қосымшаларға қатыса отырып, өздерін жан-жақты дамытуда.
❗️Мұнан соң аудан жастарының қатысуымен “Жастар — қоғамның қозғаушы күші” тақырыбында кездесу өтті. Аға буын жастарға ақыл кеңесін айтып, еркін пікір алмасты.