Жыл басынан аудан спортшылары 521 медальға ие болды

Аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық байрақты бәсекелерде және аудандық жарыстарда 521 медальға ие болды.
Атап айтқанда, Халықаралық жарыстардан 6 алтын, 14 күміс, 15 қола, Республикалық жарыстардан 12 алтын, 24 күміс, 36 қола және облыстық жарыстардан 43 алтын, 41 күміс, 107 қола медаль иеленді.
Аудандық біріншіліктерде 69 алтын, 57 күміс , 97 қолаға ие болды.
Өткен жылмен салыстырғанда спортшылардың жетістіктері 195 медальға артты.