Махамбет батырдың жырларындағы қанатты сөздері

Жақсыменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе ,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
Жаманменен дос болсаң,
Айырылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлектеп,
Қолдан берер есеп дер.
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
***
Қыран құстың баласы ,
Ұшса келмес ұяға.
Асыл ердің баласы,
Жауды көрсе шыдамай ,
Көзін салар қияға.
***
Бұл дүниенің жүзінде
Айдан ару нәрсе жоқ.-
Түнде бар да күндіз жоқ .
Күннен ару нәрсе жоқ-
Күндіз бар да түнде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ-
Бірде бар да бірде жоқ.
***
Шын ажалың жетпесе ,
Ажалдан бұрын өлмессің.
Жалаңаш бар да жауға ти .
***
Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің үні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз.
***
Ат-жігіттің майданы,
Қылыш-жанның дәрмені,
Өлім-қақтың пәрмені.
Атақты ермен бірге өлсе ,
Жігіттің болмас арманы.
Өте шыққан қызыл гүл-
Бұл дүниенің жалғаны.