«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді. Шара барысында басқарма қызметкерлері жеке мәселелерімен қайырылған азаматтарды қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.