Қарындасты көргенде күрсінемін…
Кісінің келтіргенмен күлкі реңін,
Қайғы, мұң қашырмай ма сұрқын оның.
Ендеше, Балғынбектің әзіл емес,
Қайғысына құлағын түрсін елім.
Азғындық, алауыздық, арсыздықтың,
Қайсысынан бастасам да іркілемін.
Қытай, кәріс, үндіге тиіп жатқан,
Қыздарың бұзған жоқ па ұлт реңін.
Қызына қырық үйден тиым қойған,
Қалайша ұмыт болды ғұрпың елім.
Шымылдыққа жасырып сұлуларын,
Тегін таза сақтаған түркім едің.
Жалғыз қыздың ары үшін азаматы,
Жау жапырып кіретін жұртым едің.
Ал бүгін азаматтың өзі де әйел,
Қас жұлынып, боялды кірпік, ерін.
«Қайран елім, қазағым» бұл заманда,
Басыңа үйірілді бұлты ненің?
Жатқа кеткен қызының жатырында,
Жаулар өсіп жатқанын білсін елім.
Қара қасқа қытайға қатын болған,
Қарындасты көргенде күрсінемін.
Мың-миллион құмырысқа құрсағына,
Илеу салып жатқандай түршігемін!..
©Балғынбек ИМАШЕВ
«Мәңгілік ел – мұратым» атты 2014 жылғы Республикалық «Алтын домбыра» иесі анықталған ақындар айтысынан үзінді