«Ел аманаты: Ауыл — ел бесігі»
Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, Республикалық ардагерлер ұйымы мен «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтымен бірлескен Ауыл аманаты – ел аманаты» атты республикалық экспедициясын басқарып келген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мешітбаева Сауле Мешітбайқызы кеше аудан басшысы Әлихан Балқыбековтің қабылдауында болды. Қабылдауға аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Көдеков, аудандық аналар алқасыны мүшесі А.Боташевна, аудандық «Аманат» партиясының төрағасы М.Көшкімбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы М. Тулеулиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Несипбаева сондай ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Мойынқұм ауданы әкімдігі