🔰Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылында атаулы іс-шара өтті.
Іс-шараға сол ауылдың тумасы әділет генерал-майоры Ғабит Миразов, аудан әкімі Жалғас Мұртаза, суретшілер Ассоциациясы басқармасының төрағасы Ерболат Төлепбай және Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев қатысты.
№3 Қ.Қошманбетов атындағы орта мектептің алаңында ұйымдастырылған кештің тақырыбы «Елін сүйгеннің еңсесі биік» деп қойылған. Арнайылап келеген қонақтарды Мәлік Мықтыбековтың «Қош келдің Аға ауылға» өлеңімен және ауылдың дәмі — бауырсақ, таба нан, қымыз және құрт ұсынып керемет көңіл күйде қарсы алды.
Алғашқы болып сөз сөйлеген аудан әкімі Жалғас Мұртаза ауыл тұрғындарына және арнайылап келген қонақтарға өз алғысын білдірді.
Ары қарай суретшілер Ассоциациясы басқармасының төрағасы Ерболат Төлепбай және олимпиаданың күміс жүлдегері Серік Қонақбаев сөз сөйлеп, жиылған жұртшылыққа өз тілектерін білдіріп, келгендеріне қуанышты екенін жеткізді.
Сонымен бірге, бокс майталманы Серік Қонақбаев әкесі Крімбек Қонақбаевқа арнап күрестен және футболдан өткен турнирдің жүлдегерлерін және мектептің үздік оқушыларын марапаттап сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, негізгі сыйлық ауыл тұрғындарына деп адам тасымалдауға арналған «ГАЗель» автокөлігі сыйға берілді. Өзінің әкесі білім алған ауылға арнайы ат басын бұрып келген спортшы мектептің құрылысымен танысып аралап көрді.
Барша ауыл тұрғындары және ауылдан шыққан спортшылар қатысқан іс-шара ары қарай концерттік бағдарламаға ұласты.