ЖАМБЫЛДА АӘК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ 1254 АДАМҒА ҚЫСҚАРДЫ
Жалпы, «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылған 24 ауылдық округте мал басы 26 пайызға, ет өндірісі 39 пайызға, сүт өндірісі 19 пайызға артты. Соған сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 1254 адамға қысқарды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басышының міндетін атқарушы Нұржан Мұқашев мәлімдеді.