ҚАБЫЛДАУ

Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында Сәкен Үмбетұлы азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, әр мәселеге жеке тоқталды. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізу үшін тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі