Сәуле Мешітбайқызы мен кездесу

Үлкенді құрмет тұтып, кішіге ізет білдіру бүгінгі жастар үшін талқыланбайтын тақырып, қайталанбайтын қағида. Үлкендердің ақылы келешек ұрпақ үшін таусылмас азық.
Бүгін Еланасы, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің Бас директоры, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сәуле Мешітбайқызының қатысуымен Талас ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде кездесу өтті.
Зор ықыласпен қарсы алып, құрмет көрсеткен халқына тебірене сөйлеген Сәуле Мешітбайқызы ризашылығын білдіріп, салт-дәстүрді сақтап, тәрбиені бойға сіңіруде үлкендердің айтқан уәждеріне құлақ түріп, санасына сіңіру керектігін айтты.
Кездесуде қазіргі заман талабы, Жолдауымен жүзеге асырылып жатқан тіл мәселесі, ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, ерекше сезімге бөленіп, көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алғандай болды.
Әр кездесуі терең мағынаға, кемел тәрбиелікке толы. Демек, алда әлі талай келелі кездесулер өтетіні анық.