Биыл аудандағы орман қоры жеріне 1 562 500 сексеуіл көшеті отырғызылды
Биыл аудандағы орман қоры жеріне 1 562 500 сексеуіл көшеті отырғызылды
2023 жылы көктемде Жайлаукөл орманшылығының орман қоры жеріне 1 562 500 сексеуіл көшеті отырғызылды.
Күз айында мемлекеттік орман қоры жерінің 20 гектар жеріне сексеуіл тұқымбағы себіліп, күтім жұмыстары жүргізіліп отыр.
Келесі 2024 жылға қажетті 2 500 000 дана сексеуіл көшеттері осы тұқымбақтардан алынатын болады.
Өткен жылдың күз айларында Жайлаукөл орманшылығының 1270 гектар жеріне себілген сексеуіл екпесінің казіргі таңда шығымдылығы 1 гектарына 500-600 сексеуіл өскіндері болып отыр.
Биылғы жылдың күзінде жоспар бойынша Жайлаукөл орманшылығының 2400 гектар жеріне сексеуіл екпесі себіледі, ал сексеуіл тұқым бағын жасауға 25 гектар жер дайындалды. Жиналған тұқымдардың сапасы Алматы қаласындағы Селекциялық тұқым орталығына жіберіліп анықталды. Барлық тұқымдар себуге жарамды 2 және 3 класты тұқымдар. Қазіргі таңда жұмыс басталып, 1500 гектар жерге сексеуіл тұқым себілді. Жоспарға сәйкес желтоқсан айының 15-не дейін 2400 гектар жерге толық сексеуіл тұқымын себу аяқталады.