Прокуратура актісімен Тараз қаласында жылу қуатының тарифі төмендеді
Тараз қаласының прокуратурасы «ТаразТрансЭнерго» ШЖҚ МКК қызметінде 58,4 млн теңге сомасына инвестициялық бағдарламаның шарттарын орындамау фактісін анықтады.
Жыл сайын кәсіпорында жылу желілерін, аспаптарды және басқа жабдықтарды жаңарту жоспары жасалады.
Аталған мақсатта жылу қуатын тұтынғаны үшін халықтан түсетін қаражат пайдаланылады.
Алайда мекеме тарапынан М-3 қалалық магистральін жаңарту бойынша жылдық жоспар орындалмаған.
Бұл ретте Тараз қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы органымен өтемақы тарифі енгізілді.
Нәтижесінде 1 441 абонент пен 225 кәсіпкер үшін жылыту тарифі м3 үшін 2 348,71 теңгеден 2 232,83 теңгеге дейін 4,9% — ға төмендеді.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін «ТаразТрансЭнерго» МКК-на 552 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды (ӘҚБтК 164-бабының 4-бөлігімен).
Ақ жол газеті