Зерделеу

Аудан әкімі Ә. Балқыбеков Кеңес және Бірлік ауылдық округтеріндегі мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын зерделеп қайтты.
Бірінші кезекте, Айдарлы ауылындағы №2 орта мектебінде болып, күрделі жөндеу жұмысын жүргізуші мердігер «Dauren Build» ЖШС-нің өкілімен кездесіп, жөндеу жұмыстарын сапалы әрі шұғыл түрде аяқтауды тапсырды.
Одан кейін, Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мердігер «Dauren Build» ЖШС-нің өкілімен кездесіп, жұмыстардың өте баяу жүріп жатқанын ескерте отырып, жылдамдатуды тапсырды. Сондай ақ осы мәселе бойынша жұмыстарға ықпал көрсету жөнінде тиісті мекемелер мен бөлім басшыларына тапсырмалар берді.