Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу
Бүгінгі қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі – өз ойын еркін айта білетін жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығының арқасында оқушы тұлғасын дамытудың мәселелерін оң шешуге болады. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі – мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасы. Өйткені, адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. Бала ата-анасынан үлгі мен өнеге алып өседі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болды» деп мемлекет саясатының негізінде балалық шақты қолдауды басты назарда ұстайтынын атап өтті.
Жайлаукөл орта мектебінде ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын жалғастыруда, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Үйсінбай және 9 сынып жетекшісі Ж. Ахметова, 10 сынып жетекшісі А. Сейдуова 10-11 сыныптың ата — аналарымен «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыбында сабақ өткізді.
”Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…”,”Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу — тұлға қалыптасуының негізі”
1. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері
2. Позитивті ата-ана тәрбиесі – жоғары сынып оқушысының өз болашағын өз бетінше құруға қалауы мен қабілетін қолдау
3. Тұлға дамуының негізі- өз бетінше әрекет ету;
4. Ұлттық этика негізінде заман талабына сай өзін-өзі тәрбиелеу әдістері тиімді пайдаланылды.
Осындай игі іс-шаралар ата-ананың мектеппен байланысының артуына өз септігін тигізуде. Мұндай бастамалар арқылы ата-аналар өздерінің өнегелі өмірімен, үлгілі іс-әрекетімен тек өз балаларына тәлім-тәрбие беріп қана қоймай, мектеп өміріне де белсене араласып, ынтымақты қарым-қатынаста болады.
Асылжан Пазылбеков, Сарысу ауданы