Тәліммен Өрілген Біздің ДӘСТҮР
Сарысу орта мектебінде 2023-2024 оқу жылындағы біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналарымен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы құрылды және жоспар бойынша жұмыс жасалуда.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының міндеттерінің бірі білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту болып табылады. Осы орайда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 5, 6-сыныптардың жетекшілері А.Тажибаев, М.Тұрлыбекова, А.Қосыбаева, Б.Өксікбаева халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдану арқылы халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, бабалардан қалған ұлағатты қадір тұту, туған жеріне, ұлттық әдет -ғұрпына деген сүйіспеншілікке, отбасы арасындағы сыйластыққа, қамқорлыққа баулу мақсатында «Тәліммен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында 5,6-сыныптардың ата-аналарына коучинг өткізді.
Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет-адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті халық салт -дәстүріне орай іске асырады. Яғни, әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Коучингке келген ата-аналармен «Амандасу сәті» атты психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, «Құпия сандық» әдісі арқылы салт- дәстүрге байланысты суреттер арқылы 3 топқа бөліп алды. Алғашқы кезең бойынша ата-аналарымыз «Додекаэдр» әдісі арқылы отбасына байланысты сұрақтарға жауап берсе, «Мақал – сөз атасы» кезеңінде әзіл сұрақтан мақалды тауып жауап берді. «Мықты болсаң — тауып көр» кезеңінде суреттер арқылы ырым – тыйым сөздерді айтып өтсе, «Дәстүр-салтым-тамырым, атадан қалған тағылым» атты кезеңде «Тұсау кесер», «Бесікке салу», «Жар -жар» салт-дәстүрлерін постер арқылы қорғап шығу тапсырмасы берілді. Ата -аналарымыз «Текемет басу» әдісі арқылы дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру барысында оюларды құрастыра отырып, текемет басып шығады. Ал «Кім шапшаң» тақырыбында баланы лабиринт арқылы киіз үйге жылдам жеткізу қажет. «Тәліммен өрілген біздің дәстүр» атты коучингке белсенді қатысқан ата-аналарымызды сынып жетекшілері дайындаған арнайы мақтау қағазымен марапаттады.
Коучинг соңында салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатын еліміздің жарқын болашағы ата-ана мен ұстаз бірлесе жұмыс жасау керек екені айтылды.
Міне, осылай қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын кеңінен дәріптей отырып, ұмытылып қалғанды қайта жаңғыртып, заманымызға сай ұлықтап, өсіп келе жатқан ұрпақты сол арқылы тәрбиелеу керек деген ойдамын.
Қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыпқа, ұлттық астың мәзіріне өте бай халық және ұлттық дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік маңызы, мәні өте терең. Ұлтымыздың салт-дәстүрлері ұрпақты өнеге мен білімге, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, бауырмалдық пен өнегеге шақыруымен құнды. Сол құндылықтарымызды жоғалтпайық деген мектеп директоры Л.А.Шукеева коучингті қорытындылап, ата-аналарымызға алғыс айтты.
Н.Рүстемова,
Сарысу атындағы орта мектебі директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары